Қарағанды облысында балалар мен жеткіншектердің халықаралық театр фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті
Екі күн аралығында 300-ге жуық жас дарын өнерлерін көрсетіп бақты. Қатысуышлардың арасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елінен келген үміткерлер де бар. Айта кету керек, шараны Қарағанды қалалық әкімдігі ұйымдастырды.Алматы қаласынан келген Сая Иса «Үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алды. Темірбек Жүргенов атындағы өнер колледжінің 3 курс студенті «Күл қыз» ертегісінде басты рөлді сомдап, көпшілікті талантымен тәнті еткен.
Сая ИСА жеңімпаз /Темірбек Жүргенов атындағы өнер колледжі/
Бұл қойылымға біз 2 жыл дайындалғанбыз. Айта кетерлігі бұл мюзикл жанры болғандықтан, сәл қиындық туғызды деп атауға болады. Ал, былай негізі сайыс өте жақсы өтті.
Ал, комедия жанрында Новосібір қаласынан келген жас әртіс Святослав Панков көпшілік арасынан ерекшеленді. «Народный театр — Петрушки» қойылымында ол сан қырынан көріне алған. Үміткер көрерменді күлдіру қиын екенін айтады. Сондықтан бұл жеңіс тынымсыз дайындықтың арқасы дейді.
Святослав ПАНКОВ жеңімпаз /Новосібір мемлекеттік театр институы/
Біз бұл байқауға өзіміздің үздік деген, ең мықты қойылымымызды әкелдік. Бұл спектаклге 3 жыл дайындалдық. Мұнда басты рөлді өзім сомдадым және аудармашы қыз қасымда. Комедия болған соң өте қызықты, барлық көрермендер қол шапалақтап қошеметтеп отырды. Рахмет барлығыңызға.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей елінің жас өнерпаздары қатысты. Әр елдің өнер мектептері мен білім ордаларының 6-25 жас аралығындағы оқушылары өзара сынға түсті. «Халықаралық театр» күніне орай ұйымдастырылған сайысқа кәсіби мамандар қазылық етті.
Екатерина МАКСИМОВА әділқазы алқасының мүшесі /Санкт-Петербург/
Бұл байқау оларға үлкен тәжірибе деседе болады. Сондықтан барлық жағынан сынадық. Алдыменен рөлді қалай жеткізе білді көрерменге, сендіре алды ма? Қаншалықты рөлге кірді? Міне, осы маңызды болды. Қатысушылардың барлығының дерлік дайындығы жақсы.
Байқау шарты бойынша үміткерлер екі кезеңнен өткен. Алғашқыда олар көркем әдебиеттен, кез-келген ақынның өлеңін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде спектакль қойып, сахнадағы шеберліктерін көрсетті. Айта кетерлігі, жеңімпаздар ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры сыйлығына ие болды.
Думан ӘКІМ ұйымдастырушы
Бұл жарыстың мақсаты: ұжымдардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы. Өзара танысып, білмейтіндерін үйреніп, білетіндерімен бөлісу болып табылады.
«Театр-Шығармашылық-Талант» халықаралық байқауы Қарағанды қаласында осымен екінші рет өткізіліп отыр. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының қолдауымен өткен халықаралық театр фестиваліне барлығы 300-ге жуық үміткер қатысты.
***
Под таким названием в Караганде прошел международный детско-юношеский театральный фестиваль. Его организатор – акимат областного центра. Участниками стали около трехсот школьников и студентов из разных городов Казахстана и соседних стран. Самые маленькие – 6-летние актеры. Громкими овациями юные зрители приветствовали на сцене всех участников фестиваля. После двух дней премьерных показов жюри объявило победителей. В их числе и кукольный народный театр из Новосибирска. Гости из России в возрастной категории от 18 до 25 лет завоевали первое место, сыграв спектакль «Петрушка».
Святослав ПАНКОВ участник фестиваля /Новосибирск/
У нас всего два участника. Первый, в ширме кукольник, это я, и второй, это переводчица. Потому, что Петрушка говорит необычным языком. Странным голосом, он пищит. И некоторые моменты переводит переводчик. В этой комедии Петрушка он трикси, постоянно, что-то придумывает и устраивает.
А вот еще одна победительница международного фестиваля — Сая Иса. За роль феи, актриса из Алматы, получила третье место в номинации «Лучшая женская роль».
Сая ИСА участница фестиваля /Алматы/
Эта такая сказка, которую нужно передать с эмоциями. Главная задача любого актера, чтобы тебе поверили. Очень долго готовилась. Рада, что оценили мой труд и талант. Надеюсь, это моя не последняя победа.
Детско-юношеский театральный фестиваль проходит уже во второй раз. В этом году начинающих актеров поддержал фонд Первого Президента страны и акимат города Караганды.. Сам фестиваль проходил в течение нескольких дней.
Думан АКИМ организатор фестиваля
В первый день у нас проходила номинация «Спектакль». Во второй день уже номинация «Художественное слово». Фестиваль проводится в пяти возрастных категориях. В жюри именитые артисты, профессионалы своего дела, те, кто будет объективно судить от малышей и до студентов.
Самые юные на фестивале — 6-летние актеры. Всего около трехсот начинающих артистов. Не было ни одного любителя. Но убедить жюри актерской игрой удалось не всем.
Екатерина МАКСИМОВА член жюри /г. Новосибирск/
Очень много эмоций наблюдали. Но не всегда эти эмоции были настоящими. И сразу я, как зритель, они теряют аудиторию. И не попадают ни кому ни в сердце, ни в голову.
Обладателям гран-при и первых мест фестиваля вручили денежные сертификаты по 100 тысяч тенге.